14 Қыркүйек 2023


ШҚУ СЕНЬОР-ЛЕКТОРЫ ОҚМПУ-ДЕ ДӘРІС ОҚУДА

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ Экология және география кафедрасының сениор-лекторы Санат Құмарбекұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде дәріс оқиды.
Университет оқытушысы «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазу» пәні бойынша студенттер мен магистранттарға дәріс сабақтарын жүргізеді. Тыңдаушылар «География мұғалімін даярлау», «География-тарих мұғалімін даярлау» және «География мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламаларының білім алушылары болды.
Санат Құмарбекұлы екі апта бойы әріптес университет студенттерімен тәжірибесімен бөлісетін болады.