12 июня 2024
КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ: ЖАН ТЕРБЕЙТІН БИ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
-Бір айлық би курсы орта жастағы адамдардың психоэмоционалды денсаулығын нығайтуға және дене белсенділігі арқылы стрессті төмендетуге ықпал етті, — дейді кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Бакытгуль Исебаева.
Сабақтар арнайы жабдықталған «Shahira» би студиясында өтті. Шығыс биінен кәсіби хореограф оқытушы болды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, «Күміс университет » – бұл орта жастағы адамдарды қазіргі өмірге сәтті бейімдеуге бағытталған жоба, зейнеткерлік жастағы адамдармен жұмыс істеудің жаңа түрі.