13 июня 2024


ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН СЕМИНАР ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да “Орта білім беруді жаңғырту бағдарламасы аясында силлабустар әзірлеу” тақырыбындағы оқыту семинары өтті.
Екі күн бойы ЖОО-ның оқытушылық-профессорлық құрамы семинарға қатысты.
Семинардың алғашқы күні «Жаңартылған педагогикалық білім беру бағдарламаларының негізгі принциптері мен мазмұны» тақырыбына арналса,екінші күн «Силлабус әзірлеу» тақырыбымен жалғасты.
Оқытушылар силлабус әзірлеудің тың жолдарымен танысып,бірден жаңа үлгілерді жасауға кірісті.
Дәрісті психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Светлана Стельмахпен педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының сеньор-лекторы Анастасия Косынцева жүргізді.


-Басты мақсат-оқытушыларды жаңа педагогикалық қабілеттермен білім беруге шақыру,-дейді сеньор-лектор.


Сондай-ақ,оқытушылар арасында педагогикалық білім берудің еліміздегі дәстүрлі бағдарламасы,күшті тұсы мен әлсіз тұсы жайлы еркін әңгіме өрбіді.


-Семинар барысында жаңаша силлабус әзірледік.Практикалық ақпарат жақсы айтылды,-дейді қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Нураш Игисинова.


Жалпы,дәл осындай семинарлардың педагогикалық білім саласында білім беруде маңызы зор.