18 июня 2024


«DANA BALA» ҮИББО ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ ҚР БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«DANA BALA» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Әлима Әліпова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кадрлармен қамтамасыз ету және сапалы білім беру мәселелері «диалог алаңында баяндама оқыды. Баяндама «Арнайы педагогика кадрларын даярлаудағы жаңа тәсілдер» тақырыбына арналды.


Іс-шараға ҚР Білім Министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының,үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.


Ал,кездесу соңында диалог алаңының қорытындысы шықты. Осылайша, кадрларды даярлау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыс туралы хабардарлықты арттыру қажеттілігі анықталды. Тәжірибеге бағдарлану қағидаттарында білім беруді дамыту және түзету-педагогикалық қолдау үшін мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажет. Сондай-ақ, кәсіби қоғамдастықтан білім беру сапасын арттырудың практикалық ұсынымдарын әзірлеген дұрыс.