19 Маусым 2024


ШҚУ-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен университет және жоғары колледж оқытушыларына арналған оқыту семинары қарқынды өтуде.


Семинар “21 ғасыр мектебіне арналған жаңа форматтағы студенттердің педагогикалық практикасы” тақырыбына арналды.
Оқытушыларға үш күн бойы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Елена Марченко жетекшілік етуде.

Оқыту барысында «Студенттік практиканың жаңа форматы», «Педагогикалық-зерттеу практикасы» тақырыптарына аса басымдық берілген.


Ал,семинардың соңғы күні педагогикалық-зерттеу практикасы тақырыбына дайындалған баяндамалармен аяқталмақ.