19 Маусым 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ШҚУ студенті Мақсат Ерланұлы «Wako World Cup» халықаралық кикбоксинг турнирінде үшінші орынға ие болды. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 20 адамның ішінен үздіктер қатарында енді.


– Мен Финляндия, Словакия және Израильдің спортшыларымен үш жекпе-жек өткіздім. Раундтар шиеленісті болды, бірақ мен нәтижеге ризамын. Алдағы уақытта келесі маусымға дайындықтар мен жаңа жеңістер күтіп тұр, — деп пікір бөлісті Мақсат.


Айта кетейік, Венгрияда 50 елдің қатысуымен ауқымды халықаралық турнир өтті. Одан бөлек, ШҚУ студенті Ернұр Қайырбеков те турнирге қатысты.