20 июня 2024


«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алима Алипова «Құқық және жасанды интеллект» халықаралық дөңгелек үстеліне қатысты. Онлайн іс-шараны Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті ұйымдастырды. Алима Алипова шетелдік әріптестерінің алдында бірнеше авторлық баяндамаларын таныстырды.
Сонымен қатар, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан жоғары оқу орындарының өкілдері білім беруді дамытуда жасанды интеллектіні қолдану, кадрлық әлеует және контентті құқықтық қорғау мәселелерін қарастырды.