21 Маусым 2024


БІРЕГЕЙ ЕРТЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары Юлия Кукина және Қымбат Қанапиянова Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинетіне барды.
Сапар мақсаты – «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында таяуда ашылған ерте жастан қолдау кабинетімен танысу. Айта кетейік, бұл «Дара» қорымен жабдықталған еліміздегі алғашқы Ерте жастан қолдау қызметі.
ҚКП басшысы Марина Бельковамен кездесу барысында тараптар «Ерте қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламасының білім алушыларының ынтымақтастығы мен практикасын ұйымдастыру туралы келісті.