24 июня 2024


ШҚУ-ДЫҢ 50-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТІ БІЛІМ БЕРУ БИЗНЕС-ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Университет студенттері жеке бренд саласындағы трендтер-2024, табысты қазақстандықтардың мансаптық өсуі, олардың даму стратегиялары мен өмірлік қағидаттары туралы білді. Amanzholov University білім алушылары үшін бұл іс-шара өзін-өзі дамытуға және үлкен жетістікке ұмтылуға түрткі болды.

Өткен «PARASAT» республикалық білім беру форумы барысында отандық бизнестің табысты өкілдері Динара Сәтжан, Ержан Қалимулдиев, Арманжан Байтасов, Рифат Абдураманов, Рустам Мақсұтов, Ермек Пайзов, Дастан Урмурзин, Әлішер Елікбаев, Әсел Чурманова, Жанна Бектемірова, Мұхтар Жәкішев сөз сөйледі.

Сонымен, «Teplostil» термопанельдерін шығаратын компанияның иесі Ержан Қалимулдиевтің айтуынша, қазіргі жастардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктері бар.

— Өмір бойы қаржы полициясы органдарында мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Бірақ 2019 жылы өзімді бизнесте сынап көруді шештім. Бизнес тұжырымдамасын зерттедім, басымдықтарды белгіледім, қызметкерлерді жалдадым. Қазір менде штатта 140 адам бар. Өткен жылы біз 1,9 миллиард теңгеге сатылымды жаптық. Осыдан кейін біз бәрін жасай алатынымызды түсіндім. Тек бастау керек, — деді Ержан Қалимулдиев.

ШҚО жастарына жоғары білім алудың қажеттілігі туралы «United Media Group» ЖШС директоры Арманжан Байтасов айтып берді. Оның айтуынша, кез-келген уақытта дипломы бар маманның артықшылығы болады. Ол — жұмысқа орналасудағы тұрақтылық.

Мен кеше ғана ШҚУ-да болдым. Мені ғылыми әзірлемелер, шығармашыл жастар және көпсалалы ЖОО-ның материалдық-техникалық жабдықталуы таңғалдырды. Оқу орнында болғаннан кейін мен тағы бір рет жоғары білімді ештеңе алмастыра алмайтынына көз жеткіздім, — деді Арманжан Байтасов.

Белгілі журналист әрі блогер Динара Сәтжан Тик-токтың Instagram-нан артықшылығы туралы сөз қозғады.

— Бірде-бір әлеуметтік желіде Тикток сияқты үлкен органикалық, тегін қамту жоқ. Егер сіз бір танымал ролик жасасаңыз, жазылушыларсыз-ақ бірден ТОП-қа кіріп, ондаған мың қаралым мен лайк жинай аласыз. Бастысы шығармашыл бола білу жеткілікті, — деді спикер.

Айта кетейік, ауқымды шараға ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген мен университеттің ПОҚ қатысты. Қызметкерлер алған ақпаратты білім беру үдерісіне белсенді енгізуді жоспарлап отыр.