25 Маусым 2024


ШҚУ РЕКТОРЫ ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ЖОО басшылығы қалалық, облыстық және республикалық басылымдардың журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Биыл Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген БАҚ саласының 15 маманына белсенді ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Олардың қатарында Арсений Дюсенов, Юлия Чернявская, Вячеслав Ветлугин, Зәуреш Битимбаева, Галина Вологда, Мерей Қайнарұлы, Ольга Сизова, Олжас Керейхан, Эльмира Ахметова, Анель Есенбердина, Талғатжан Мұхамадиев, Әділхан Болатханұлы, Виктор Скрипниченко, Данияр Зайнелов және Қуаныш Мәулханов бар.


Мұхтар Төлеген өз сөзінде «Төртінші билік» өкілдерінің ақпаратты жан-жақты, креативті және объективті түрде беру қабілетімен ерекшеленетінін атап өтті.


Кездесу соңында мереке құрметіне орай, қонақтарға 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық және алғыс хаттар табысталды.


Еске салсақ, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін 2011 жылдан бастап 28 маусымда атап өтеді.