26 Маусым 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 112 білім беру бағдарламасы бар.Әйтсе де,ЖОО-да шығармашылықты жаны сүйетін талапкерлерге де мамандықтар да аз емес.
Атап айтқанда, қаламы қарымды жастар үшін журналистика, спортты жаны сүйетіндерге дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау,әуезді ән шырқайтындарға музыка мұғалімдерін даярлау, қылқаламды серік еткендер үшін көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, дінтану және философия сынды білім беру бағдарламалары бар.
Шығармашылық мамандықты таңдауға бекінген талапкер,өзінің ҰБТ-да оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәндерінен жинаған ұпайын растайтын сертификат және жеке құжаттарын тапсырғаны абзал.

Айта өту керек, талапкерлер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыра алады.
Жеке құжаттардың ішінде,төлқұжаттың көшірмесі,туу туралы куәліктің көшірмесі(кәмелеттік жасқа толмаса),075-У медициналық анықтамасы,екпе салынғаны жөніндегі анықтама 0-63У,3/4 сурет болуы тиіс.

Сондай-ақ, егер талапкер қандай да әлеуметтік санатқа жататын болса, жеңілдік үшін санатты растайтын құжатты да ұмытпаған жөн.
Құжат тапсырған талапкер шығармашылық емтиханға кіру үшін рұқсат қағазға ие болады.
Осылайша,талапкерлер 8 шілде мен 15 шілде аралығында шығармашылық емтиханды тапсыра алады.
Ал,шығармашалық емтиханнан сүрінбей өткендер үшін мемлекеттік грантқа өтініш беріп,бағын сынауға мүмкіндік бар.

Айта кету керек,ЖОО-да шығармашылық мамандықтар үшін әртүрлі мүмкіндіктер бар.Мәселен, «Журналистика» БББ студенттері үшін «Алтай жастары» телерадиокешені, «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» БББ студенттері үшін А.Трунов атындағы фитнес-орталық, «Ақбозат» шахмат клубы бар.Тіпті,шығармашалық мамандықты таңдаған студенттер үшін әлемнің 200-ден астам мемлекетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуға мүмкіндіктер қарастырылған.