27 июня 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ АЙМАҚТЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің экология және география кафедрасының «География», «География-Тарих», «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» БББ бірінші курс студенттері 27 мамыр мен 7 маусым аралығында оқу-далалық іс-тәжірибесін өтті.
Тәжірибе экскурсиялық-таныстыру форматында өтті. Тәжірибе барысында студенттер Шығыс Қазақстан облысының бірегей нысандарымен танысты.
Атап айтқанда, Катонқарағай ауданы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», Берел ауылындағы ШҚО бойынша «Казгидромет» РМК филиалының Ақберел өзеніндегі гидрологиялық бекеті, Шыңғыстай ауылы, Күршім ауданының «Қиын-Керіш» шатқалы.

Оқу-далалық іс-тәжірибенің мақсаты- дәрістер мен семинарларда алынған теориялық білімді практикада бекіту, далалық зерттеу дағдыларын дамыту, табиғат жағдайында жұмыс тәжірибесін алу, Катонқарағай ауданының табиғи ерекшеліктерін зерттеу.