5 июля 2024
ШҚУ-ДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП АЛТЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ОҚЫТЫЛАДЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жаңа оқу жылынан бастап алты жаңа білім беру бағдарламасы өз жұмысын бастайды.
Нағыз шығармашыл жастарға білім беретін гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі жаңа білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді қабылдауды бастап кетті.
Атап айтқанда, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында «Шет тілі» «Ағылшын тілі», Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасында «Тарих және қоғамтану», «Саясаттану және халықаралық қатынастар» мамандықтары.
Сондай-ақ, бұл қос бағдарламаның басты ерекшелігі — әртүрлі оқу тілдері бар мектептерде оқытуға бағытталуы мен тілді дамытуға басымдық беруінде жатыр.
Ал, шет тілдері және аударма ісі кафедрасындағы жаңа қос мамандықтың басты мақсаты — білім берудің барлық деңгейлерінде, жоғары деңгейдегі ағылшын тілі оқытушыларын даярлау.
Тарих кафедрасында ашылатын қос мамандықтың да атқарар жүгі ауыр. Қос мамандықтың басты мақсаты — әлеуметтік-саяси процестердің ішкі және сыртқы саясаты саласында құзыретті мамандарды даярлау.