10 июля 2024


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ

Университетте 9 шілдеден бастап «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене шынықтыру» және «Бастапқы әскери дайындық» шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар басталды. Емтихан барысында талапкерлер жоғары физикалық төзімділігін көрсетіп, тиісті нормативтерді тапсыруы қажет. Атап айтқанда, жүгіру, ұзындыққа секіру, турникке тартылу сияқты күштік жаттығуларда сыналады. Айта кетейік, емтихандар 12 шілдеге дейін жалғасады.