15 июля 2024
ШҚУ-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде алғаш рет Шығыс Қазақстанның киелі жерлерін зерттеуге арналған халықаралық жазғы мектеп басталды. ШҚУ шара аясында Доржи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университетінің проректорын, доцентін және 12 студентінен тұратын делегациясын қабылдады. Ашылу салтанатына университеттер арасындағы серіктестікті орнатуда үлкен рөл атқарған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Задаш Дүкенбаева да қатысты.
Жазғы мектептің ашылу салтанаты №1 оқу ғимаратында өтті, одан кейін университет ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Бурятиялық қонақтарға оқу аудиториялары, инновациялық орталықтар, Smart кітапхана, «Алтай Жастары» медиа орталығы және Алтай археологиясы және мәдени мұражайы таныстырылды.
— Келесі жылы біз Байкал тарихи мектебін ұйымдастырамыз және соған орай ШҚУ студенттерін асыға күтеміз. Халықаралық серіктестік екі тарап үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, — деп атап өтті Бурят мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры Виктория Номогаева.
Айта кетейік, 15-19 шілде аралығында мектеп қатысушылары үшін Ұлан ауданында, Ақбауырда, Бестеректе, Аблакет аумағында лекциялар, шеберлік сыныптары және далалық тәжірибелік жиындар жоспарланған.
Сонымен қатар, шетелдік студенттер облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығына және этнографиялық мұражайға барады.