16 Шілде 2024


ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжұманова қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары үшін кезекті семинар өткізді.
Мемлекеттік білім гранттарына арналған байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау қарсаңында мамандар қосымша білім игерді.

Естеріңізге сала кетейік, байқау 13-20 шілде аралығында өтеді. Семинарда қабылдау ережелері түсіндіріліп, талапкерлердің құжаттарын қабылдауға арналған компьютерлік бағдарлама көрсетілді.