19 июля 2024


БУРЯТТЫҚ СТУДЕНТТЕР АҚБАУЫРДА БОЛДЫ

Amanzholov University-дің Халықаралық жазғы мектебі аясында Доржи Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік университетінің студенттері облысымыздың ең бірегей мәдениет ескерткіші — Ақбауыр неолиттік ғибадатхана кешенінде болып қайтты.


Ежелгі астрономиялық алаң, жартастағы таңбалар мен петроглифтер сақталған жерде шетелдік студенттер алғаш болды.
Облыс орталығы Өскеменнен 38 шақырым жүріп өтіп, таудың баурайындағы шамамен алты метр биіктікте орналасқан конус түріндегі үңгірді де тамашалады. Бұл үңгірдің қабырғаларында, іргелес тастарында петроглифтер айқын көрінеді.


-Мұнда 80 сурет табылған екен. Тастарда адамдар ғана емес, жануарлар, қоныстар, түрлі тұрмыстық заттар бейнеленген. Сонымен қатар, бұл жерде көптеген белгілер мен таңбалар бар. Алайда, олардың нақты мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Суреттер қызыл охра табиғи бояуымен салынған. Бұл ғажайып көрініс, — деді бурятиялық студент Виктория Цыденова.


Ақбауыр аумағы қола дәуіріне жатады. Бұл бүгінгі күнге дейін белгілі неолит дәуіріндегі елдегі ең көне ғибадат орындарының бірі. Бұл жерлерде қола дәуірінің соңы-темір дәуірінің басындағы тұрақтар болғанын ғалымдар деректерде келтіріп отыр.


-Бүгін бізге бұл жерде көшпелі сақтардың отырықшы өмір салтын жүргізгені және бір жарым шақырымға созылатын ежелгі адамдардың көптеген қоныстары орналасқаны туралы айтты. Ежелгі бірегей ескерткішті көруге мүмкіндік бергені үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне алғыс айтамын, — деп пікір бөлісті Дорджи Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік Университетінің студенті Даниил Шыгин.


Осы сапар арқасында студенттер көне дәуірдің жәдігерлерін көзбен көріп, ежелгі тарих туралы терең мағлұмат алды.