23 шілде 2024


ШҚУ-ДА АВТОРЛЫҚ БИЗНЕС-ОЙЫН ӘЗІРЛЕНДІ

“Менеджмент” және “Туризм” білім беру бағдарламаларының түлектері Александра Подгоронова мен Балжан Тілеубердинова “Қазақстан бойынша саяхат” бизнес-ойынын әзірледі. Оның мақсаты – бизнес-құзыреттіліктер мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ қатысушыларды елдің көрікті жерлерімен және туристік орындарымен таныстыру.


– Ойын туризм саласында табысты кәсіпкер болуды, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту мен қаржылық сауаттылықты үйренуді қалайтындар үшін қолайлы, – дейді авторлар.


Жиынтықта негізгі өріс, “?”, “Салықтар”, “Несие”, “Старт +1000”, “Табыс +5000”, “Депозит”, “Қарыз-4000”, “Фортуна”, “Табыс+3000”, “Демалыс”, “Қарыз-1000” секторлары, чиптер, ойын валютасы, тапсырмалар мен туристік нысандарымен карталар бар. Әр ойыншы бірдей ақша сомасымен бастайды. Ойын барысында өз жинақтарын көбейтіп, “мүлік” сатып алу қажет.


Жобаның жетекшісі – “Dana Bala” Орталық тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды зерттеу және жобалау институтының басшысы Әлима Әліпова. Оның айтуынша, бүгінгі таңда авторлық құқық туралы куәлік алынды.

Талантты түлектер ШҚУ-дың магистратурасына түсуге дайындалуда. Сонымен қатар, Бизнес және туризм саласындағы зерттеулермен айналысуды жалғастыруды жоспарлап отыр.