26 июля 2024


ДУАЛДЫ ОҚЫТУ — ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАЛАБЫ

ШҚУ-да ЖОО базасында теориялық және өндірістік объектіде практикалық дайындықты көздейтін дуалды оқыту жүйесі енгізілді.
Мұндай оқытудың мақсаты – кадрларды кәсіби даярлауды жетілдіру, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағдарлау және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Серіктес кәсіпорындар тізімінде: «ВНИИцветмет» ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеудің ұлттық орталығы, ШҚО білім басқармасы, «ТехноАналит» ЖШС, «Восток-молоко» корпорациясы, «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС, «SAPA» ЖК, Сот сараптамасы орталығы, №47, №15, 34, 45, 20, 48, 46 және т.б. мектептер.

— Дуалды оқыту арқылы студенттер мамандықпен тәжірибе жүзінде танысады. Сондықтан, көп жағдайда университетті бітіргеннен кейін біздің түлектер бірден кәсіпорындарға ресми жұмысқа орналасады. Бұл жұмыс процестеріне, ұжымға бейімделуді жеңілдетеді және жұмыс сапасына әсер етеді, — дейді оқытушылар.

Айта кетейік, өткен оқу жылында ШҚУ-да ЖОО-да және кәсіпорындарда білім алған 46 дуалды білім беру бағдарламасы мен 838 студент тіркелген.