30 июля 2024
Студенттер үйлеріне білім алушыларын орналастыру тәртібі
«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №557 бұйрығы) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «2024-2025 оқу жылына арналған Студенттер үйлеріне университет және Жоғарғы колледж білім алушыларын орналастыру тәртібі» бекітіледі.
Басқарма төрағасының орынбасары — Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор
2024-2025 оқу жылына арналған Студенттер үйлеріне университет
және Жоғарғы колледж білім алушыларын
ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
- курс студенттерін орналастыру 2024 жылдың 20 тамызынан 01 қыркүйекке дейін online- офлайн форматта Университеттің ресми сайтында https://vku.edu.kz/ жүргізіледі:
- Жоғары курстарды онлайн орналастыру:
2.1 2-4 курс студенттерінің толық өтініш берген жағдайда Студенттер үйлеріндегі бұрынғы орындары сақталады.
2.2 2-4 курс студенттері 29 тамыздан 01 қыркүйекке дейін С Аманжолов атындағы https://vku.edu.kz/ порталында өтінімдер қалдыра алады.
Студенттер үйіне студенттерді орналастыру
№1 Студенттер үйі: Педагогика Жоғары мектебінің «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене шынықтыру» «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Психология», «Әлеуметтік психология», «Білім берудегі психология», «Ерте қолдау педагогикасы», «Эрго-педагогика», «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Дене шынықытру және бастапқы әскери дайындық» БББ 1-4 курс студенттері Менделеев көшесі 7 мекен-жайы бойынша №1 Студенттер үйіне орналасады.
№3 Студенттер үйі: Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазак тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Шет тілі: екі шет тілі», «Тарих», «Аударма ісі», «Журналистика», «Дінтану және философия», «Тарих және қоғамтану», «Ағылшын тілі және CLIL жаттықтырушысы» БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 42 мекен-жайы бойынша орналасқан №3 Студенттер үйіне орналасады.
№4 Студенттер үйі: ІТ және жаратылыстану Жоғары мектебінің «Компьютерлік мехатроника», «Математика-Физика», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Математика», «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Физика», «Ядролық физика», «Өңдеу өндірісінің технологиясы», «Кәсіптік оқыту» , БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 40 мекен-жайы бойынша №4 Студенттер үйіне орналасады.
№5 Студенттер үйі: Жоғарғы колледж, Бизнес және Құқық Жоғары мектебінің «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік аудит», «Қаржы», «Құқықтану», «Туризм» БББ 1-4 курс студенттері, ІТ және жаратылыстану Жоғары мектебінің «Биология», «Химия», «Химиялық криминалистика», «Экология», «География», «География және тарих», «Ғылыми биология», «Жер туралы ғылым», «Орман ресустары», «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» БББ 1-4 курс студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 38 мекен-жайы бойынша №5 Студенттер үйіне орналасады.
- Орналасу үшін қажетті құжаттар:
- №1 қосымшаға сәйкес ректордың атына өтініш: Жоғары мектеп деканы мен тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың қолымен;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- 3*4 сурет (4 дана);
- Қосымша бар болса төмендегідей құжаттар беріледі:
- ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);
- оралман куәлігінің көшірмесі (бар болса);
- отбасында 4 немесе одан да көп бала бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалалы отбасыларға);
- мүгедектік туралы анықтама (бар болса).
- Студенттер үйіне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:
4.1 Өтінім және Online-студенттерді тіркеу;
4.2 Университет ректорымен бекітілген ордерлерді орналастыру және беру комиссиясы «Парасат» СҚК орталығында 30-Гвардиялық дивизия көшесі бойынша 38-40 мекенжайында, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жұмыс істейді (түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін), сенбі және жексенбі күндерін қоса.
4.3 Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат).
- 5. 2023-2024 оқу жылына Студенттер үйінде тұру айына, бір орын үшін студенттерге 10 000 теңге.
Бос орындар болған жағдайда әр Жоғары мектепте оқитын бір отбасының студенттері бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжат болған жағдайда орналастырылады (ҚР Тұрғын үй кодексіне сәйкес 14 жасқа толған әр жынысты балалар бөлек тұрғызылуы тиіс).
Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға болады +7 (7232) 540 708, 87059804170 немесе Coll-орталыққа.
Студенттердің туыстары мен ата-аналарының Студенттер үйінде тұруға құқылары жоқ.