6 августа 2024


КІТАПХАНАНЫҢ СИРЕК ҚОРЫ: ФЕДОР ГОЛОВАНОВТЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС ЕҢБЕКТЕРІ ТУРАЛЫ

Университет кітапханасының сирек қорында лингвист ғалым Федор Головановтың әліппелер жинағы ерекше орын алады.


Федор Григорьевич — ғалым, майдангер, Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы және оқу орнының негізін қалаушылардың бірі. Ф.Г.Головановтың «Жазбаша қаріпті жеңілдету және балаларды жазуға үйрету жүйесін өзгерту» атты диссертациясы бүкіл Кеңес Одағына танымал болды. Бұл ӨПИ үшін үлкен жеңіс еді. Оның нәтижесінде білім ордасы елдің жетекші педагогикалық ғылыми орталықтарының бірі ретінде танылды. Ғалымның арқасында Кеңес Одағының барлық мектептерінде балалар «шапшаң жазу» жеңілдетілген эксперименттік әліпбиін үйренді.

Сонымен қатар, “шарикті” қаламдар бастауыш сынып оқушылары үшін жаңа жазу үлгілерін шығаруына әкелді. Ғалым 110 әліппені зерттеп, әр әріптің қарпінің эволюциясын қадағалап, өз нұсқасын ұсынды. Ол жеті елде негізге алынды.