19 тамыз 2024
ТҮЛЕКТЕР-2024: ЕЛ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫНДА
Шахмұрат Маратов 2024 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды “Құқық” білім беру бағдарламасы бойынша оқып бітіріп, диплом алды. Студент кезінде Шахмұрат заң пәндеріне терең қызығушылық танытып, жаңа білімді игеруге аса ұмтылған азамат.
– Университет қабырғасында алған білімім еңбек жолымда жоғары жетістіктерге әкелетініне сенімдімін. Сапалы білім, керек дағды биікке шығарады, – дейді түлек.
Келешекте Шахмұрат құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтыру ниетте. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік ісінде де қызмет атқаруы ықтимал.