20 августа 2024


ЖАРҚЫН СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ БОЙЛАУ

ШҚУ студенттерге спорт залдарына, ғылыми орталықтарға, ақылды кітапханаға, бассейнге және түрлі спорт секцияларына баруды ұсынады. Бұл тәсіл білім алушылар мен ПОҚ-ты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.


Пайдалы уақыт өткізу үшін ЖОО-да Coworking, Бейбіт Мамраев атындағы ғылыми кітапхана жұмыс істейді, онда ең құнды кітаптардың миллионнан астам данасы сақталған. Студенттер тегін электронды оқу залына және мыңдаған сандық оқулықтарға қол жеткізе алады.


Сонымен қатар, ШҚУ жастарды түрлі клубтар мен бірлестіктерге қосылуға шақырады. Мәселен, «Ділмар» дебат клубы, «Шабыт» студенттік театры, «Мейірім» еріктілер ұйымы, «Көркем» әйелдер клубы және т.б. бар.