21 августа 2024


Педагогикалық қайта даярлау курстары

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық  орталығы

2024 жылдың 20 тамызы – 20 қыркүйегі аралығында жоғары кәсіби білімі бар тұлғаларға арналған педагогикалық қайта даярлау курстарына (педагогикалық емес) қабылдау жүргізілуде. Оқу мерзімі 8 айды құрайды, 60 кредит игеріледі (1800 сағат).

Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқыту күндізгі оқыту форматында жүргізіледі.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ҚР Білім беру министрінің «Педагогикалық қайта даярлау қағидаттарын бекіту туралы» 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығына сәйкес қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификат беріледі.

Педагогикалық қайта даярлаудан өту үшін тапсыратын құжаттар тізімі:

1) университет басшысының атына өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

4) 3х4 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;

5) 075-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) қағаз папка, файл 1 дана.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

8 (7232) 25-22-84; 87086552812; 8705509 2111; 87771696019.

e-mail: resurscentrvku@mail.ru