23 августа 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖӘНЕ POMERANIAN UNIVERSITY СЕРІКТЕСТІГІ

Amanzholov University Слупскідегі (Польша) Помор академиясымен екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Әріптестік шеңберінде ЖОО академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ПОҚ және студенттермен алмасуды және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр.


Айта кетейік, Uniwersytet Pomorski Польшадағы беделді мемлекеттік жоғары оқу орны. Оның ғылыми-педагогикалық ұжымында 550-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 90 профессор және 260 ғылым кандидаты бар. Сонымен қатар, поляк университетінде АҚШ, Германия, Норвегия, Украина, Венгрия, Ұлыбритания және Түркия сияқты елдердің шетелдік университеттерінің мамандары сабақ жүргізеді.