27 августа 2024


ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МАРАТ БАШИМОВ: «ШҚУ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРДАН ҚАЛЫСПАЙДЫ»

Алма-матерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов келді.

Құрметті қонаққа №1 оқу корпусы таныстырылды. Атап айтқанда, университетте 2021 жылы адалдық пен тазалықтың символы ретінде орнатылған «Таза қол» мүсіндік композициясы көрсетілді. Бұдан әрі Башимов мырза «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына, Coworking аймағына, Б.Мамраев атындағы ғылыми кітапханаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне барды.

— Бүгін маған инклюзивті білім беру саласындағы жетістіктерді көрсетті, бұл адамның және баланың құқығының маңыздылығын айқындайды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ерекше көзге түседі. Бұл университет қабырғаларындағы сапалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің айғағы. ШҚУ әлемдік стандарттардан қалыспайды. Ол көптеген параметрлер бойынша көшбасшы болып табылады, — деп түйіндеді депутат.