29 августа 2024


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ: ASTANA IT UNIVERSITY-ДЕ ӨТКЕН СЕМИНАР

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, PhD доктор Динара Сапарова Астана қаласында Astana IT University базасында өткен «Білім берудегі менеджмент: ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру» атты интенсивті семинарға қатысты.

Семинарға Қазақстанның әр аймағындағы жоғары оқу орындарының сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің директорлары қатысты. Қатысушылар ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ұйымдастыру құрылымын, университеттердің сапа кодексін талқылап, АКТ-құралдарын пайдалана отырып, бизнес-процестердің регламенттерін әзірледі.

– Мен осы интенсивке қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын, себебі семинар ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіндегі бизнес-процестерді нақтылауға үлкен септігін тигізді. Әртүрлі университеттердің ІСҚЖ-ның тәжірибелік жағдайларын талдау арқылы сапаны басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік салаларын анық көруге мүмкіндік туды, – деді Динара Сапарова.

Семинар қатысушыларға университеттердің ұйымдастырушылық құрылымы мен сапа кодексін жан-жақты талдауға мүмкіндік берді.