Біз туралы

AMANZHOLOV UNIVERSITY

ГИМН ВКУ

Сөзi: Т.Мәзбаев
Әнi: К.Закирьянов
Әлемдiк көрiнетiн санат саптан
Бiлiмнiң биiгiнде тағат тапқан
Шығыстың ақ ордасы,
Бiлiмнiң ақыл кенi,
Көк туы төбесiнде қанат қаққан

Қайырмасы:
Сәулеттi елдiң мақтаны ғып,
Дәулеттi елдiң ақ таңы ғып,
Қанаттанған түлегiне,
Тәуелсiз ел артқан үмiт

Қуат күшiн бәрiнен асырды iлiм,
Жастар иер ордаға басын бүгiн
Ұрпақтың ақ тiлегiн,
Үмiтiн, арман-ойын
Арқалап бара жатыр ғасыр жүгiн.

Ты — колыбель,
Ты — источник знаний, ума.
Университет мой —
надежда и гордость моя,
Прочные знания твои,
Чистые мысли твои,
Множат славу твою выпускники

Припев:
Над тобой свет Родины, стяг,
С нами истина в первых рядах,
Пусть лучится ауры свет
Над тобой, университет.

Университет миссиясы

Біз білім мен ғылымды және индустрияны біріктіре отырып, аймақтың тұрақты дамуы үшін жоғары білікті адами капитал дайындаймыз.

Стратегиялық дамудың мақсаты:

Көпсалалы университетті қоғамға негізгі ықпал ететін және қазақстандық білім беруде көшбасшылық позицияны иеленетін Қазақстанның шығыс өңіріне кеңінен танылған инновациялық-ғылыми хабына айналдыру.

Негізгі міндеттер:

  1. Кәсіптік стандарттар мен кәсіптердің өңірлік карталарын, пәнаралық және инновациялық білім беру бағдарламаларын, ББББ (бірлескен білім беру бағдарламалары), қос дипломдарды, микробіліктіліктер және микродеңгейлер бағдарламаларын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының санын ұлғайту;
  2. Бейресми білім беру бағдарламалары спектрін кеңейту жолымен өмір бойы оқыту тұжырымдамасын жүзеге асыру;
  3. Ғылыми қызмет, бизнес және білім беруді интеграциялау арқылы өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы;
  4. Қазақстанның шығысында ғылыми-стратегиялық және халықаралық хаб құру;
  5. R&D орталығын, инновациялық ғылыми зертханаларды құру, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру;
  6. ЖОО-ның жалпы бюджеті есебінен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үлесінің өсуі және «зерттеуші» біліктілігін алған ПОҚ үшін оқу жүктемесінің азайтылуы
  7. Маман саясатында талант-менеджментін дамыту және енгізу, үздік шетелдік және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тарату;
  8. Жоғары оқу орнының цифрлық экожүйесін, заманауи IT инфрақұрылымдарды университеттің барлық бизнес үдерістерінде дамыту;
  9. Әлеуметтік экожүйені құру және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін, отаншылдық және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру арқылы университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыру.

Университет құндылықтары:

Университет Даму бағдарламасын келесі құндылықтарға негіздейді:
мұраның құндылығы: университеттік зерттеулер, бағдарламалар, мектептер, білім беру басымдықтары мен негізгі өмірлік құндылықтар, тарихи жады және Ұлттық мұра ұрпақтарының сабақтастығы;
ғылым мен инновацияның құндылығы: білім мен ғылым және мәдениет саласындағы инновацияларды құру үшін және ортақ ұлттық мақсаттар мен жаһандық мүдделерді қалыптастыру үшін әрқайсысының озық дамуында;
теңдіктің құндылығы: әркімнің өзінің өмірлік білім беру жолын қалыптастырудағы және кәсіби қоғамдастықтарда өз күш-жігерін шоғырландырудағы мүмкіндіктерінің теңдігінде;
болашақтың құндылығы: қалаған, басқарылатын болашақты құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылуда;
 — біртұтастықтың құндылығы – университеттің академиялық, зерттеу, басқару, әлеуметтік және студенттік өмірінің барлық аспектілеріндегі бірлікте.
Кнопка "Наверх" с иконкой