3 сентября 2024


ЖОО-ҒА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ӘКЕЛІНДІ

«Дана бала» инклюзивті білім беру орталығы педагогика, логопедия және психология саласына қажетті жаңа «Ақылды айна» интерактивті құралымен қамтылды. Инновация жасанды интелект негізінде жұмыс істейтін видеокамера және сезімталдығы жоғары микрофонмен жабдықталған.


Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін кәсіби логопедиялық құрал арқылы баланың мектепте оқуға деген ынтасы оянады, қоршаған ортаға қатысты жаңа сөздік қоры қалыптасады, суреттеу, баяндау, сыни пікір білдіруге дағдысы қалыптасады, сөздерді буынға бөлуді үйренеді және дұрыс сөйлей алады.


Университет заман талабына сай мамандар дайындауда жаңа технологияларды бірінші болып қолданып келеді. “Ақылды айна” облыста баламасы жоқ бірден-бір интерактивті құрал. Студенттер практикалық сабақтарында зертханаға келіп жұмыс істей алады.


-Бала 30-60 минут бойы куратор маманның бақылауымен тапсырмалар орындайды. Осы уақыт аралығында видеокамера барлық орындалған тапсырманы сақтап отырады. Кейіннен оны ата-аналарына көрсетіп, терапия барысын сараптауға болады, — деді Инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова.


Айта кету керек, жабдық «ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттер орталығы» жобасы аясында сатып алынған.