6 сентября 2024
ҚХР-НЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ШҚУ-ДА
Бүгін Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығының өкілдері: консул Хуан Сяоминь, вице-консул Чжао Чао, атташе-консул Ван ЦИ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға келді.
Кездесу барысында Қытай университеттерімен студенттер мен оқытушыларды екі жақты алмасу, академиялық ұтқырлық бойынша келісімшарттарды нығайту сынды өзекті мәселелер қарастырылды. Университет базасында еріктілердің көмегімен қытай тілін үйренгісі келетіндерге тегін онлайн-курстар ашылады. Сонымен қатар, қонақтар университет тарихымен, құрылымымен, ғылыми орталықтың білім беру бағытымен танысты.
— Биыл Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етті. ШЫҰ Саммиті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен қауіпсіздік пен серіктестікті нығайту мақсатындағы маңызды шешімдерді талқылады. Осыған орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ көрші елмен серіктестікті нығайту мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр. С. Аманжолов атындағы ШҚУ ШЫҰ қатысушы елдерімен білім беру және ғылым саласында, дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуда екі жақты келісімшарт жасауға күш салуда. Қазақстан Қытай елімен көршілес дос қана емес, стратегиялық серіктес. ШҚУ қазіргі таңда Қытайдың Циндао, Шаньдун кәсіби-техникалық сыртқы сауда колледжі, Цин Хуа университеті, Ланчжоу техникалық университеті, Синьцзянь орман шаруашылығы ҒЗИ, Цзянсу педагогикалық университеті, Ұлттық Орталық университеттермен екі жақты серітестік бойынша келсімшарт жасасқан, — деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.
Өткен жылдың желтоқсанында ШҚУ-да қытайлық HAIER HAITECH компаниясымен жасанды интеллект аясында жобаларды әзірлеуге қол қойылды. HAIER HAITECH компаниясы Smart кітапхана, ақылды аудитория, ЖОО базасындағы R&D орталығы аясында қауіпсіз кампус сынды жаңа жобаларды таныстырды.
Аманжолов университеті биылғы жылдың сәуірінде Haier Haitech-тің шақыртуымен Haier-дің көрме залын, компанияның тарихи музейін тамашалады. Екі жақты кездесу барысында компания жетекшілерімен бірге IT саласын дамыту, жасанды интелект аясындағы жүзеге асатын біршама келісімдерге келді. Жасанды интеллекті білім беру саласында, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау кезінде, елді мекендердің гидроқұрылыстары мен сумен жабдықтау объектілеріндегі элементтерден қирау тәуекелдерінің алдын алу салаларында қолдануды талқылады.
— «Smart library» («Ақылды» кітапхана) және AI Smart classroom жобаларының нақты уақыты, техникалық дайындығы сарапталды. Келісім нәтижесінде жасанды интеллект негізіндегі жобаларды С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасына 2024 жылдың шілдесінде енгізуге қол қойылды. Қытайдағы іссапар ҚХР жоғары оқу орындарындағы кездесулермен жалғасты. Алдағы уақытқа жоспарланған ҚХР мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы академиялық алмасу мен серіктестік талқыланды, — деді ШҚУ-дың Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова.
Сондай-ақ, тамызда Шэньчжэнь және Дунгуань қалаларында ЖОО жетекшісі Мұхтар Төлегенге «Huawei» компаниясының штаб-пәтерінің шараларымен танысу ұйымдастырылды. Қазақстандық делегация Смарт-кампус, Смарт-университет, R&D орталығы, Жаһандық киберқауіпсіздік орталығының тәжірибелерімен жақын танысты.
-Бізді жылы қарсы алып жатқанына өте қуанышытымын. ШҚУ-да қытай тілінде еркін сөйлейтін студенттердің болғаны біз үшін үлкен мәртебе. Екі ел арасындағы халықаралық серіктестіктің арқасында халықаралық білім, студенттер арасында бәсекеге қабілеттілік дамиды. Соған орай, әлемдік нарықта университеттің де бәсекеге қабілеттілігі артады деп ойлаймын, — деді ҚХР Бас Консулдығының консулы Хуань Сяоминь.
Соңғы жылдары қытайлық университеттермен және ірі сауда компанияларымен серіктестік қарқынды дамып келеді. Осында Қытай азаматтығын алған отандастарымыз да білім алып жатыр. Ал, университетте ҚХР елшілігінің білім беру бағдарламасы бойынша қытай тілінің оқытушысы жұмыс істейді.