9 сентября 2024


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАЙҚАУДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде  «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бейнелеу өнер байқауын бағалау бойынша комиссияның отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына орай университетте суреттер байқауы ұйымдастырылған болатын. Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякованың төрағалығымен комиссия мүшелері 86 сурет қабылдады. Әрбір сурет бекітілген ережелерге сәйкес қарастырылады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 10 қыркүйекте «Парасаттылық сағаты» атты ауқымды іс-шарасында өтеді.