13 сентября 2024


АЛТАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ШҚУ-ДА

Алтай ауданы Алтай қаласының 48 жылдық тарихы бар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта  мектебінің түлектері ШҚУ-ға экскурсия жасады. Жас өрендерге білім берген мектеп республикалық «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысында.

50 жылдың ішінде мектеп 10 мыңға жуық білімді, көзі ашық, мақсатқа жете алатын түлектерді ұядан ұшырды. Осындай үлгілі мектептің 20 адамнан құралған түлектері С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың бас ғимаратына экскурсия жасады.  «Шығыс маржандары» музейі, Бажанов музейіне, химия зертханасына, Алтайдың археология және мәдени мұралары музейіне, сирек кітаптар қоры сақталған кітапханаға, криминалистикалық орталыққа, «Дана бала» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығын жетістіктерін көзбен көрді

Түлектер ШҚУ-дың ғылымды дамытуды мақсат еткенін, жас ғалымдарға жағдай жасауды бірінші кезекке қойғандығын алға тартты. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті инновациялар, жаңа технологиялар мен талантты ғалымдарға арналған академиялық орталыққа айналып, елдің көптеген салаларына қажетті зерттеу жобаларын жүзеге асыруда.  Заманауи алаңдар, шығармашылық кеңістіктер және инновациялық материалдық-техникалық база – соның дәлелі.

Сонымен қатар, экскурсияға келушілер Алтай ауданының түлектері үздік білім алу үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға келіп оқуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Еске салайық, осыған дейін Алтай қаласының оқушылары С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұйымдастыратын үш күндік ғылыми фестивальде өз ғылыми жобаларын ұсынған болатын. Университет ел игілігі үшін мектеп оқушыларын ғылыми зерттеулерге ынталандырып келеді.