17 сентября 2024


6В01201 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ»  ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

Ақпараттық хат

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

 

Өскемен қаласы                                                                    18-19 қазан 2024 жыл

 

 

6В01201 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ»  ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2024 жылдың 18-19 қазанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІ республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының күндізігі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары қатыса алады.

Команда құрамы – 4 білім алушыдан тұрады. Олимпиадаға қатысушыларда өздерімен бірге жеке куәліктері болуы тиіс. Команда жетекшісі болуы міндетті.

 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР» АТТЫ  ОЛИМПИАДА

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

ХVІ Республикалық пәндік олимпиада төрт кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Біз қалаған мамандық» атты командалардың таныстырылуы. Командалардың мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін болашақ педагогтердің өз мамандықтарының маңызын ашуға, креативті жетілдіруге, командамен бірлесіп ортақ мәселенің шешімін табуға деген әлеуеттік мүмкіндіктері анықталады (5 минут).

Ескерту: Таныстырылымның дәстүрлі үлгілеріне қарағанда (өлең, ән-күй, би), жаңа форматтары құпталады.

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

— тәрбиеші мамандығының маңызын ашу — 3 ұпай;

— тақырыпқа сәйкестігі — 3 ұпай;

— қатысушылардың сөйлеу мәдениеті — 3 ұпай;

— креативтілігі — 3 ұпай;

— регламентті сақтауы — 3 ұпай.

Ең жоғары баға — 15 ұпай.

2-кезең. «Ойла да, ойна». «Лайфхактер — ойын құралы ретінде» атты көрмеде командаларға сайысқа қажетті ойын-құралдары ұсынылады. Қатысушылар кез-келген ойын түрін таңдай отырып, ойынның атауы мен міндеттерін анықтайды, ойынды құрау барысында балаларда бірнеше дағды (кем дегенде үш) көрініс табатындай ойналу жолдарын түсіндіруі тиіс (5 минут, команда мүшелерінің ойынды ұйымдастыра білуі, командалық жұмыс нәтижесін көрсетуі).

Ескерту командадан екі қатысушы орындайды.

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

— тапқырлығы — 3 ұпай;

— шығармашылығы — 3 ұпай;

— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, баланың дағдылардың дамытуға бағытталғаны — 3 ұпай;

Ең жоғары баға – 9 ұпай.

«Зияткерлік марафон» тест (мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы, әдістемелер бойынша тест. Тест ұзақтығы — 40 минут)

МАҚСАТЫ: Мектепке дейінгі пәндер бойынша теориялық білімдерін тест тапсырмалары арқылы дәлелдеу.

Ескерту: Мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы (2 курс білім алушылары үшін); Мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы, пән әдістемелері бойынша (3 курс білім алушылары үшін).

— тест сұрақтарының саны — 30;

— тестілеу уақыты — 40 минут;

— әр командадан 2 қатысушы;

— жалпы командалық ұпай команданың барлық қатысушыларының жеке жетістіктері арасындағы арифметикалық орташа мәнді есептеу арқылы анықталады.

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

— әрбір дұрыс жауап үшін — 1 ұпай;

Ең жоғары баға – 40 ұпай.

3 кезең. «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла»  Команда мүшелері берілген қалдық заттардан (бөтелке қақпағы, пластмасса бутылка, бос әр түрлі қораптар, йогурт ыдысы тағы басқа әр түрлі заттар) үлгілік бағдарлама негізінде белгілі бір жас ерекшелігіне арналған бірнеше дағдыны (кем дегенде үш) қамтитын белгілі бір ойындар түрін дайындау. Ойынның ойналу шартын түсіндіріп өту. (15 минут).

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

— дайындалған құралдың үлгілік бағдарлама негізінде белгілі бір жас ерекшелігіне сәйкес дағдылардың қамтылуы — 3 ұпай;

— орындалу шеберлігі — 3 ұпай;

— құралдың практикалық маңыздылығы – 3 ұпай.

Ең жоғары баға – 9 ұпай.

4 кезең «Ойын іс-әрекеті — біздің тәжірибеде» (үй тапсырмасы, бейне ұйымдастырылған іс-әрекет)

Болашақ педагогтердің пәндік білімдерінің сапасын анықтауға, олардың педагогикалық іс-әрекетіне қажетті кәсіби тұлғалық әлеуеттерін жетілдіруге, командалық жұмыста өз-өздерін танытуына, ізденістік қабілеттерін шыңдауға, дарынды және қабілетті білім алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған шығармашылық сайыстың ұйымдастырылып өтуі. Мемлекеттік стандарт талаптары бойынша балалармен бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы кәсіби дайындықтарын танытуы.

Білім алушылар мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің бейнежазбасын ұйымдастыру комитетіне 2024 жылдың қазанның 8-не дейін жолдау қажет. (15 минут).

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

— Ұйымдастырылған іс-әрекеттің кіріктірілуі (тақырыбы мен мазмұнының сайыстың белгіленген уақыттағы жыл мезгіліне, мерекелерге, балалар жас ерекшелігіне сәйкес келуі) — 3 ұпай.

— Білім беруге енгізіліп жатқан жаңа әдістер мен тәсілдердің көрініс табуы — 3 ұпай.

— Дамытушы орта қызметінің іс-әрекетті ұйымдастыруға қатысуы — 3 ұпай.

— Ойын әрекетінің мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі әрекеті ретінде көрінуі — 3 ұпай.

Ең жоғары баға – 12 ұпай.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

 

ХVІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға өтінім мен үй тапсырмасын 2024 жылғы 8 қазанға дейін төменде көрсетілген электрондық поштаға olimp_2024@mail.ru жіберу қажет.

Мекен-жайы: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан көшесі, 55. Байланыс телефондары: 87715406080, 87058076719, 87077013688, 87783004629

Жауапты тұлғалар:

  1. PhD, кафедра меңгерушісі Есполова Гульден Калиолдановна
  2. п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Атыманова Каргаш Жолжаксиновна;
  3. магистр, сениор-лектор Макшиева Гульмира Курманбаевна
  4. магистр, сениор-лектор Килыбаева Гүлнұр Кенжеханкызы

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін төмендегі құжаттардың болуы тиіс:

  • олимпиадаға қатысу өтініші (үлгі бойынша)
  • қатысушының жеке куәлігі

 

6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша

Қазақстан  Республикасы жоғары оқу орындары білім алушыларының

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтетін

Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы

ӨТІНІМ

 

Өтінім үлгісі

 

  1. Қатысушылардың Т.А.Ә. (курс, БББ) ______________________________________
  2. Топ жетекшісі (ғылыми дәрежесі, жұмыс орны) __________________________________
  3. ЖОО атауы _________________________________________________________________
  4. Мекен-жайы, телефоны, эл.поштасы ______________________________________________
  5. Оқыту тілі __________________________________________________________________
  6. ЖОО (толық атауы) ____________________________________________________________
  7. Мекен-жайы __________________________________________________________________
  8. Байланыс телефоны____________________________________________________________
  9. Жатақхана қажеттілігі (иә, жоқ)__________________________________________________
  10. e-mail________________________________________________________________________

Келу күні_______________________________________________________________________

Кету күні _______________________________________________________________________

 

 

Топ жетекшісінің Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны, e-mail

 

 

ЖОО басшысы    ________________________________

Мөрі                                              қолы

 

Шығармашылық шабыт тілей отырып, олимпиадаға белсене қатысады деген сенімдеміз!

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ