17 қыркүйек 2024


ШҚУ ТӘЖІК УНИВЕРСИТЕТІНЕН 20 СТУДЕНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық шет тілдер университетінің 20 студенті С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.

Студенттер “Орыс тілі мен әдебиеті”, “Шет тілі: екі шет тілі”, “Аударма ісі”, “Журналистика” білім беру бағдарламалары бойынша мамандануда. Студенттерді қызықты қарсы алу бағдарламалары мен түрлі ғылыми-зерттеу шаралары күтіп тұр.


Еске салайық, серіктес университеттер арасындағы ұзақмерізімді келісімшарт 2023 жылы жасалған. Содан бері студенттер мен оқытушыларды алмастыру сәтті жолға қойылды.