25 сентября 2024


ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ:СТУДЕНТТЕРГЕ ҒЫЛЫМИ МҰРА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қаныш Сәтбаев – қазақтың біртуар тұңғыш академигі, әлемге әйгілі ғалым» атты іс-шара өтті. Шараға «География» және «География-Тарих» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында Қ. Сатпаевтың геология және география саласындағы жұмыстары мен зерттеулері таныстырылып, талқыланды. Негізгі мақсат – көрнекті ғалымды еске алу, сонымен қатар студенттерді оның ғылыми жетістіктерімен таныстыру, жастарды геология саласындағы зерттеулерге ынталандыру.

Естеріңізге сала кетейік, Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан мен оның халқының дамуына қосқан басты еңбегі – геологиялық зерттеулерді дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кен орындарын игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Қ. Сәтбаевтың жетекшілігімен Орталық және Шығыс Қазақстанда қазақ геологтарының ғылыми тобымен заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, жүйелі зерттеулері қазақстанның геологиялық карталарын аналитикалық жүйелеуге алып келді.