9 октября 2024


Бейресми білім беру аясында «ChatGPT қолдану жөнінде педагогтерге арналған практикум» курсы басталады

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында бейресми оқыту шеңберінде 2024 жылдың 21 қазаннан бастап университет студенттері, магистранттары үшін «ChatGPT қолдану жөнінде педагогтарға арналған практикум» курсы басталады.

Курстың мақсаты – Педагогтерге кәсіби салада туындайтын мәселерді оңтайлы шешуге қажетті құзіреттілікті қалыптастыру.

Курсты Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Жақсылықова Ақмарал Құдайбергенқызы жүргізеді.