16 октября 2024


ӨСКЕМЕН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері: қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжуманова және Мансап орталығының басшысы Жаннель Болатова Өскемен стоматологиялық колледжінің түлектерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерге алған білімдері мен дағдылары бойынша білім беруді университетте жалғастыру мүмкіндігіне ие екендіктерін жеткізу. Студенттер медицина мамандығының түлектеріне қолжетімді оқу бағыттары, оқуға түсу ережелері, қажетті құжаттар және оқу шарттары туралы ақпарат алды. Өз білімдерін тереңдетуге ұмтылатын студенттерді қызықтыратын бакалавриат және магистратура бағдарламаларына ерекше назар аударылып, түсіндірілді.

Сонымен қатар, университет өкілдері кәсіби өсу мен мансаптық даму үшін білім беруді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның жетекші медициналық мекемелерімен және шетелдік университеттермен әріптестік бағдарламалар туралы мәлімдеді.

 

Кездесу ашық пікір алаңымен аяқталды: студенттер белсенді түрде қабылдау ережелері, студенттік өмір және іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды.