21 октября 2024


ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде келесі мәселелер талқыланды:

— Жас мемлекеттік қызметші мектебі;

— Мемлекеттік қызметке конкурсқа түсу және өту.

Департаменттің жетекші маманы Жанар Маратқызы Смекенова мемлекеттік қызметке кіру рәсімінің қолжетімділігі мен ашықтығын атап өтті. Қазіргі уақытта кез-келген адам «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе сайт арқылы қол жеткізе алады eqyzmet.gov.kz.

Сонымен қатар, Департамент өкілдері университет студенттерін және барлық мүдделі тұлғаларды жас мемлекеттік қызметші мектебіне қатысуға шақырды. Ол үшін «Professional Upgrading» мансап орталығына, №1 оқу ғимараты,  209 кабинетке өтініш беру қажет.

Толығырақ ақпаратты және өзекті бос жұмыс орындарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтынан табуға болады www.kyzmet.gov.kz.