24 октября 2024


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІН ТОЙЛАУ: ПРОФЕССОР ЛИ ХА ЕННЫҢ АШЫҚ ДӘРІСІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде мемлекеттік мереке «Қазақстан Республикасы күніне» орай Сеул ұлттық университетінің профессоры, ерікті Ли Ха Ён корей тілінде «Korean and Kazakhstan Culture: Future Perspectives» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Шараны ұйымдастырушы Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының айтуынша, ашық дәрістің мақсаты корей мәдениеті мен тілін тереңдетіп оқытудың әдістемелік тәжірибесін қорытындылау. Ашық дәріс барысында профессор үлестірмелі материалдар ұсынып, тақырып бойынша бейнеролик көрсетті. Талқыланатын тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырды.

Іс-шараға Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері қатысты.