24 октября 2024
ИТАЛИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ МӘДЕНИ АТТАШЕСІ ШҚУ-ДА
ШҚУ-ға
Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры, Италияның Қазақстандағы
елшілігінің мәдени атташесі Эдоардо Крисафулли келді. Қазіргі
уақытта лингвистика докторы, аутизм магистрі, Ph.D Крисафулли
Эдоардо 2022 жылы Алматыда құрылған және
Орталық Азиядағы алғашқы Италья мәдениет институтының директоры қызметін
атқарады. Институттың мақсаты – тіл курстарын, көрмелер мен мәдени іс-шараларды
ұйымдастыру арқылы Қазақстанда итальян тілі мен мәдениетін насихаттау және
тарату.
Шетелдік
мейманды С.Аманжолова атындағы ЖОО базасындағы Сальваторе Квазимодо атындағы итальян
тілі мен мәдениеті орталығы қарсы алды. ШҚУ
Жоғары мектеп студенттері итальян тілін үйреніп, көркем әдебиетімен қатар мәдениетімен
де
танысады.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында С.Аманжолов атындағы ШҚУ делегациясы жұмыс сапарымен Италияның серіктес университеттері Кассино және Оңтүстік Лацио университеттерінде, Генуи университетінде және Линк Кампус университеттеріне барған. Келіссөздер барысында университеттер арасында Генуи университетінің филиалын ашу, қос дипломдық білім беру бағдарламалары, бірлескен ғылыми зерттеулер, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық алмасуы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан жастары арасында итальяндық мәдениетті, білім мен ғылым жетістіктерін насихаттау орталығы ретінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Сальваторе Квазимодо орталығын ашу туралы келісімдерге қол қойылды.
—
Шығыс Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын, әсіресе С.Аманжолов атындағы
университетке келуім маңызды оқиға болды. Аймақтық университеттің итальяндық
мәдениетті белсенді дамытып жатқаны қуантады. Сонымен қатар, мен бірнеше оқу
ғимаратын аралап, бұл университеттің ауқымдылығына таң қалдым. 10 000 адамнан
тұратын контингент және алыс-жақын шетел университеттерімен 14 қос дипломды
білім беру бағдарламасының болуы – бүкіл ұжымның байыпты көзқарасын көрсетеді.
Көп жұмыс атқарылып жатқаны анық, – деді Эдоардо Крисафулли.
Бүгінде
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Генуи университетімен
және Касино және Оңтүстік Лацио университеттерімен бірлесіп, университет
базасында шетелдік университеттің филиалын құру бойынша дайындық жұмыстарын
жүргізуде. Қол қойылған келісімдер нәтижесінде Аманжолов атындағы ШҚУ
қызметкерлеріне тағылымдамадан өтуге, бірлескен ғылыми іс-шаралар,
конференциялар өткізуге, ғылыми және жобалық іс-шараларды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ШҚУ студенттері академиялық ұтқырлық
бағдарламасының аясында Генуи университетінде білім алуды бастап кетті. Олар итальян
тілі бойынша білімдерін жетілдіреді және итальяндық университеттердің жаңа әрі
озық тәжірибелерін меңгереді.
—
С.Аманжолов
атындағы ШҚУ базасындағы Сальваторе Квазимодо атындағы орталық Қазақстан мен
Италия арасындағы мәдениет пен білім алмасудың маңызды бөлігі болып саналады. Біз
Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері арасында итальян тілі мен Италияның
мәдениетін насихаттау бойынша белсенді жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар біз итальяндық
университеттерде қазақ мәдениеті мен тілін дамытамыз. Ауқымды жұмыстарды
атқаруға қолдау білдіргені үшін ШҚУ ректоры Мұхтар Әділбекұлына көп рахмет, — деді
профессор, стратегиялық серіктес Алессандро Фигус.
Аманжолов
университеті Касино және Оңтүстік Лацио университеттерімен «Спорттық
менеджмент», «Халықаралық экономика», Генуи университетімен «Тұрақты туризм және
дестинация менеджменті» магистратураларының білім беру бағдарламаларында қос дипломдық бағдарламалар
жүзеге асырылуда.
–
Біздің университет әрқашан диалог пен серіктестікке ашық. Университет білім
беруді интернационалдандыру мақсатында Сальваторе Квазимодо атындағы итальян
тілі мен мәдениеті орталығын дамыту және танымал ету мәселелерін белсенді түрде
шешуде. Серіктестердің орталық жұмысына қатысуы Италия мен Қазақстан арасындағы
ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді, ал волонтерлерді тарту итальян
тілін үйренудегі шекараны кеңейтеді деп сенеміз, – деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ
ректоры Мұхтар Төлеген.
Кездесу
соңында қос тарап өкілдері құрмет белгісі ретінде бір-біріне корпоративтік
сыйлықтар табыс етті. Әрі қарай студенттерге Алматыдағы Италия мәдениет
институтының директоры Эдоардо Крисафулли дәріс оқыды.