28 октября 2024


ШҚУ ПЕДАГОГТЕРІ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕШЕНДІ ӘДІСТЕМЕСІНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ АЛДЫ

Ректор Мұхтар Төлегеннің жетекшілігімен Amanzholov University-дің педагогтер командасы балаларды мектепке даярлаудың әдістеме кешеніне авторлық құқық алды.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында үшінші жыл ««Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істеп келеді. Бұған дейін ЖОО бастауыш білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған. Орталық педагогтері әртүрлі деңгейдегі балалаларды оқыту және дамытудың жаңа инновациялық әдістерін құрастыруда.

— Біз бір жыл көлемінде балаларды мектепке дайындау және оларды жекелей немесе топта оқуға бейімдеудің кешенді бағдарламасын жасадық.  Бағдарламада 5-6 жастағы баланы жеке қажеттіліктерін ескере отырып 9 ай бойы мектепке дайындау көзделген. Баланы мектепке дайындау кешені мектеп жасына дейінгі бала білуі керек білім мен қабілет қамтиды. Кешенді бағдарламаны құрастырған команда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың физикалық, психологиялық және таным аспектілерін ескере отырып дайындады, — деді  «Дана бала» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова.

Айта кетейік, қазір әр баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанындағы қызықты білім беру ордасында мектепке дайындық бағдарламасынан өтуге мүмкіндігі бар.