28 октября 2024


ШҚУ РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты шара өтті.

— 2022 жылдың 16 шілдесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің болашағын айқындаған, тәуелсіздігіміз тірек болған ұлттық мерекемізді қайтаруды ұсынған еді. Университет қызметкерлерін, студенттерді, профессорлық-оқытушылар құрамын Республика күнімен құттықтаймын, отбасыларыңызға береке және кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін, — деп құттықтады ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Салтанатты шарада студенттер мен оқытушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Белсенді студенттер шара қонақтарына патриоттық әндер мен мың бұралған би шашу етіп, қуаныш пен бірлікті сездірді.

Amanzholov University-де Республика күнін тойлау тарихқа деген құрмет қана емес, студенттер мен қызметкерлерді өз елін мақтан тұтуға және патриоттық рухта бірігуге мүмкіндік береді.