31 октября 2024


АДАМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің базасында «Елдің интеллектуалды әлеуеті» басымдығы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде «Цифрлық экономиканың дамуы кезінде еңбек ресурстарының сапасын арттыру және адами капиталды басқару» жобасын іске асыру мақсатында семинар өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, жаратылсытану ғылымдарының кандидаты, ғылыми жобаның жетекшісі Жібек Рахметулина жұмыс тобымен бірге 2024 жылда атқарылатын ұжымдық және ғылыми әдістемелік жоспарлар мен тапсырмаларды талқылады. Цифрлық экономика жағдайында адами капиталды басқарудағы тұжырымдамалық ережелерді қалыптастыру, теориялық және әдістемелік негіздерді дамыту, осының негізінде бағалау бойынша практикалық ұсыныс жасау. Жаңа идеологиялық еңбек нарығы контекстінен сапалы еңбек ресурсында адами капиталды қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылды.

Атап өтейік, жұмыс тобының құрамында: экономика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Игорь Дубина,  PhD доктор, экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Майнұр Ордабева, экономика ғылымдарының кандидаты Тана Абылайханова, сениор-лектор Ержан Домалатов және доктарант Айгерім Рахметулина мен Асем Бұхатова бар.

Ғалымдардың пікірінше, бұл жобаның жүзеге асуы отандық және шетелдік ЖОО-лардың тығыз серітестікте болуына ықпал етеді. Балтық Халықаралық Академиясы (Латвия), Новосібір мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттері арасында сенімді серіктестік орнайтыны анық.

Бүгінгі таңда жоба аясында ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті және Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі ұсынып, мақұлдаған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда үш мақала, журналдарға алты мақала және Ресейде оқу құралы жарық көрді.

Сонымен қатар, Рига қаласында Балтық Халықаралық академиясының жетекшісімен кездесу өтті.

Айта кетейік, жоба шеңберінде әзірленген кәсіпорында адами капиталдың цифрлық дамуын кешенді басқару процесін іске асыру тетігі еңбек ресурстарының сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.