20 Қыркүйек 2023


ЖОО-ДА КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ӨТУДЕ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да кураторлардың тәрбие жұмысына көп көңіл бөлінеді. Осылайша, оқу жылы басталысымен өзекті тақырыптарға арналған кураторлық сағаттарды белсенді өткізу басталды. «География» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттерімен кездесу аясында куратор Ғалия Салықбаева Президенттің жаңа Жолдауын талқылады. «Химиялық криминалистикалық сараптама» мамандығының екінші курс студенттері үшін Сән Оразова «Менің еңбегім – менің жетістігім» кураторлық сағатын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Еңбек күні 2013 жылдың қараша айында ҚР Президентінің Жарлығымен жұмысшы мамандықтарын құрметтеп, насихаттау дәстүрін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында құрылды. Жиналыс барысында жастар аталған тақырып бойынша пікірталас өткізіп, викторинаға қатысып, ПОҚ мен студенттердің жетістіктері туралы бейнеролик тамашалады. Ұйымдастырушылар Сән Советбекқызы, Зухра Сәтбекқызы, Шынар Қадылбекқызы және Жазира Биғалиқызының айтуынша, студенттер оқуда жоғары жетістіктерге жету үшін көп тер төгу керек.