11 ноября 2024


СОТ ТӨРАҒАСЫМЕН ДӘРІС

Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Жанна Садықанова Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәні бойынша
теориялық және практикалық дәріс оқыды. Дәріске Шығыс Қазақстан облысының
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Ернар Амерханов
шақырылып, студенттерге заң ғылымы, сот және прокурорлық қызмет туралы баяндады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексін
тәжірибеге енгізу туралы мол ақпарат берді. Сондай-ақ сабақ барысында
университет қонағы студенттерге осы Кодекстің жаңа нормалары мен әкімшілік іс
жүргізудің мәні туралы мәлімет
берді.