12 ноября 2024


ШҚУ-ДА КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанна Садыканова «Заң үстемдігі және құқықтық тәртіп» тақырыбында «Құқықтану»ББ бірінші курс білім алушыларына кураторлық сағат өткізді. Сабақ Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт» Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтті. Спикер қоғамда заңның үстемдігін орнату үшін әрбір азаматтың құқықтық құндылығының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Жанна Садыканова студенттерге сот жүйесіндегі реформаларды түсіндірді.