21 Қыркүйек 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY ИННОВАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ПӘНДІ ЕНГІЗУДЕ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі АҚ және С. Аманжолов атындағы ШҚУ бірлесіп «Инновация негіздері» атты жаңа пән әзірледі.
Элективті пәнді таныстыру және талқылау «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі АҚ Басқарма төрағасы Санат Ахановпен кездесу кезінде өтті.
Пәннің негізгі мақсаты білім алушыларда инновацияларды құруға және оларды енгізуге заманауи тәсілдер құзыреттерін қалыптастыру. Одан бөлек, инновациялық қызметтің алгоритмдерін, құралдары мен технологияларын игеру, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асыру көзделген.
Биыл оқу пәні «Менеджмент және басқару» мен «Аудит және салық салу» білім беру бағдарламалары студенттері үшін пилоттық режимде енгізіледі.
Пәннің еңбек сыйымдылығы 5 академиялық кредитті құрайды (ECTS). Пәнді оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау яғни, инновациялық бизнес идеялар мен жобаларды қорғау жүргізіледі.
Айта кетейік, келесі оқу жылынан бастап ЖОО-да бакалаврдың барлық білім беру бағдарламаларына жаңа пәнді енгізу жоспарлануда.