21 ноября 2024


ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ҒА БАРДЫ

Тамара Дүйсенова бағдарламаның жобалық кеңсесі орналасқан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне барды. 10 жылдық жұмыс ішінде осы бағдарлама бойынша 1122 студент білім алған.

— Серпін – керемет бастама. Біз тегін оқимыз, жатақханада тұрамыз, сұранысқа ие кәсіпті меңгереміз. Мен қазір С.Аманжолов атындағы университетте лектормын. Докторантурада оқып жатырмын. Жылдық өсімі 5% болатын «Жас ғалым» жеңілдетілген ипотекасымен баспана алдым. Үйлендім, ұлым бар. Шығыс қазақстанда қалауға ниеттімін, — деді бағдарлама түлегі Дидар Сейітжан.

«Серпін» жастарға шынайы мүмкіндіктер сыйлайды. Алайда бағдарламаны өңірдің қажеттілігіне қарай бейімдеу керек деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

— Жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет: міндетті өтеу шарттарын қарастыру, түлектерді қолдау бағдарламаларын әзірлеу, университеттер, кәсіпорындар мен әкімдіктер арасындағы үйлестіруді күшейту. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған өңірдегі ұйымдарға түлектерді тарту маңызды қадам болмақ. Басқа өңірлерден студенттерді шақырмас бұрын, құзырлы органдар түлектің кейін қай жерден жұмыс табатынын және жұмыс берушіні де нақты шешуі керек, — дейді Премьер-Министрдің орынбасары.

«Серпін» бағдарламасы еңбек нарығындағы аймақтық теңгерімсіздіктерді теңестірудің маңызды құралы болып қала береді. Бірақ оның табысты болуы жас мамандарды жұмыс орындарымен ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді кәсіби және жеке өсу перспективаларымен қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Сондықтан, жоба жақын арада өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/serpn-trebuet-dorabotok-v-vko-poprosili-tamaru-duysenovu-vnesti-izmeneniya-v-programmu-eb51e8