23 ноября 2024
ҰЖЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында БАҰО «ӨРЛЕУ» АҚ филиалы ШҚО ҚДИ аға оқытушысы Кабдрахманова Гулсим Кабдрахманкызы «Ұжымдық-шығармашылыққа тәрбиелеудің негізі «4К» моделінде білім беру» тақырыбында кафедра білімгерлеріне тәжірибелік сабақ өткізді.
Гулсим Кабдрахмановна сабақ барысында «4К» моделіндегі командалық жұмыс, креативтілік, коммуникативтілік және сын тұрғысынан ойлауға кеңінен тоқталып, тәжірибемен ұштастырды. Белсенді әдіс-тәсілдер қолдану білімгерлер үшін пайдалы, әрі қызықты болды.