25 ноября 2024


ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОЛДАУ: СТУДЕНТТЕРДІҢ БАЯН ТОЙКЕБАЕВАМЕН КЕЗДЕСУІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Менеджмент» және «Қаржы» білім беру бағдарламларының студенттері «Феликс Астана» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның әйелдері күштері Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасының орынбасары Баян Тойкебаевамен кездесті.

Кездесуде әйелдерді әлеуметтік, эконмикалық қолдаудың маңыздылығы және гендерлік теңдік жайлы тақырыптар  сөз етілді. Спикер әйелдер және балалар ісі бойынша агенттік құру, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін ынтландыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру керектігі жайлы маңызды бастамаларын айтылды.

Сонымен қатар, Баян Тойкебаева жастарды жеке тұлға ретінде өсуге және мансаптарында жетістікке жетуге ынталандыру керектігін атап өтті.

— Әйелдерді қолдау және гендерлік теңсіздікпен күресу Қазақстандағы өзекті тақырыптардың бірі деп санаймын. Сол себепті Amanzholov University-дің Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде студенттермен кездесу өткіздім. Мен үшін жастарды ынталандыру, оларға үлгі болу және қоғамдағы өзекті тақырыпты көтеру маңызды, — деді Баян Тойкебаева.

Кездесу тақырыбы студенттердің қызығушылығын тудырды. Олардың сөзінше, отандық кәсіпте әйелдердің бизнесін қолдау және гендерлік теңдік мәселенсін шешуде нәтижелі практикалық қадамдар жасау керек.